20 мамыр 2014 | 15:54

Мемлекеттік қызметкерлер президенттік сынамаға қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен алынды Фото Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен алынды

ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің бастамасымен 25 сәуір мен 25 мамыр аралығы Президенттік сынамалар тапсыру айлығы болып аталды, деп жазады Tengrinews.kz Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің бастамасымен 25 сәуір мен 25 мамыр аралығы Президенттік сынамалар тапсыру айлығы болып аталды, деп жазады Tengrinews.kz Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде осы бүкілреспубликалық шара аясында мұндай сынамалар еліміздің барлық өңірінде өтуде. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, халықтың денсаулығының, күш-жігерінің қай деңгейде екенін анықтау.

Астанадағы шараның ашылу салтанатына Парламент мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Агенттік төрағасының орынбасарлары Елсияр Қанағатов пен Сәрсен Құранбек және көптеген спорт қайраткерлері қатысты.

Алғаш болып сөз алған А.Тасболатов "егер әр адам салауатты өмір салтын тұрақты ұстанса, кез келген дерттің алдын алуға болады" деп, бұл тұрғыда белсенділік танытуға шақырды.

Өз кезегінде Елсияр Қанағатов Елбасымыздың бастамасымен елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, "Қазір мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалуда. Десек те, әр адам өз денсаулығына ең алдымен өзі жауапты" деп қадап айтты.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек "Бүгінгі шараның нәтижесінде, біз ұлт саулығын нығайтуға қатысты алдағы жұмыстардың бағыт-бағдарын айқындаймыз. Сынамалардың қорытындысын ғылыми тұрғыда сараптап, жұмыс жоспарын жасау үшін осы саланың белгілі маманы, ресейлік профессор Владимир Уваровты арнайы шақырттық. Қазіргі кезде ол кісімен меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс істеудеміз. Өз елімізден профессор Анатөлі Құлназаров та бар. Бүгінде осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды" деді.

Сонымен еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда президенттік сынамаларды тапсырудан игілікті шара өткізді. Оған аталмыш ведомствоға бағынышты 5 мемлекеттік мекеме мен өзге министрлік және агенттіктердің қызметкерлері қатысты.

Барлығы 9 мемлекеттік мекемеден 465 қызметкер бақ сынады. Олардың ішінде ең белсендісі ҚР Ішкі істер министрілігі болды. Аталған министрлік тарапынан президент сынамаларын тапсыру үшін 60-қа жуық қызметкер келді. Сондай-ақ, еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің де айрықша көзге түскенін айта кеткен жөн.

Жалпы, елімізде әртүрлі ұжым қызметкерлерінің спорттық сынақ тапсыруы Кеңес кезеңінде бастау алғаны белгілі. Ол кезде "Еңбек пен қорғанысқа дайын бол!" (ГТО) деген ұранмен осындай шаралар өтетін. Ал, 1996 жылы тәуелсіз Қазақстанда "Президенттік сынамалар" деген атаумен халықтың күш-жігерінің деңгейін анықтайтын шара өмірге келді.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен шара – Астанадағы Президенттік сынамалардың бірінші кезеңі ғана. Мұнда мемлекеттік қызметкерлер ұзындыққа секіруден, қысқа қашықтыққа жүгіруден (60 және 100 м) және алыс қашықтыққа жүгіруден (500, 1000, 2000, 3000 м) сынақ тапсырды.

Ал, екінші кезең осы аптаның соңында өтеді. Онда мемлекеттік қызметкерлер "Сарыарқа" велотрегінде пневматикалық винтовкадан нысана көздеуден, белтемірге тартылудан (әйелдер шалқалап жатып, кеудесін көтеріп, тартылатын болады) және жүзуден сынға түсетін болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети