31 желтоқсан 2019 09:21

Месси жылдың үздік спортшысы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лионель Месси. © Reuters Лионель Месси. © Reuters

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп таныды. Бұл туралы "Р-Спорт" жазды. 


Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп таныды. Бұл туралы "Р-Спорт" жазды. 

Жеңімпаздар AIPS мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталған. Мессиге қауымдастық мүшелерінің 13,11 пайызы дауыс берген. Үздік үштікке кениялық жеңілатлет Элиуд Кипчоге (12,01 пайыз) мен испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (9,38) енді. 

Ал әйелдер арасында үздік спортшы атағын америкалық гимнаст Симона Байлз алды. Оны дауыс берушілердің 15,04 пайызы таңдаған. ТОП-3 тізіміне америкалық футболшы Меган Рапино (13,51) мен ямайкалық жеңілатлет Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (11,01) енген. 

AIPS жылдың үздік командасы деп англиялық "Ливерпульді" атады. Команда 2019 жылы футболдан Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети