Мейвезерден жеңілген жапон кикбоксшысы МакГрегормен төбелесетін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz фотоколлажы © REUTERS Tengrinews.kz фотоколлажы © REUTERS

Жапон кикбоксшысы Тенсин Нацукава UFC ұйымының екі салмақта чемпионы болған ирландиялық Конор МакГрегордың жекпе-жекке шақыруын қабыл алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жапон кикбоксшысы Тенсин Нацукава UFC ұйымының екі салмақта чемпионы болған ирландиялық Конор МакГрегордың жекпе-жекке шақыруын қабыл алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

31 желтоқсанда Сайтама қаласында Rizin ұйымының турнирінде Нацукава бокс ережесі бойынша америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан болатын. Шоу ретінде өткізілген жекпе-жек үш раундқа есептелген еді, алайда, ол алғашқы раундта-ақ аяқталды. Мейвезер қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді.

МакГрегор жапониялыққа осы жолы ММА ережелері бойынша өткізуді ұсынды. Нацукава аралас жекпе-жектерде де жұдырықтасқан (4-0).

Тенсин Нацукава жекпе-жекті кикбоксинг ережелерімен өткізуге келісті. 

"Құрметті МакГрегор мырза. Есімімді жаттап қалғанызыға алғыс білдіремін. Менімен жұдырықтасу туралы ойлағаныңыз мен үшін абырой. Мүмкін рингте 58 келіге дейінгі салмақта кикбоксинг ережелері бойынша жақын уақытта кездесеміз", - деп жазды спортшы твиттер желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовпен соңғы жекпе-жегінде МакГрегор 70,3 келі салмақта өткізді. Мұның алдында, 2015 жылға дейін ирландиялық 65,8 келіге дейінгі салмақта жекпе-жек өткізетін.

Айта кетейік, МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен де жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro