Қазақстандық файтер Ержан Естанов (16-7) және ресейлік Расул Мирзаев 17-1) үшінші рет күш сынасатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстандық файтер Ержан Естанов (16-7) және ресейлік Расул Мирзаев 17-1) үшінші рет күш сынасатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Спортшылар 1 сәуір күні Алматыдағы ММА Fight Nights Global 86 жекпе-жек кешінде жұдырықтасады. Бұл кештің басты кездесуінде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов (10-3) пен америкалық Тайсон Нэм (16-8-1) арасындағы жекпе-жек болмақ.
"Жекпе-жек барысында көпшілікті керемет тосын сый күтіп тұр. Көрермендер Расул Мирзаев пен Ержан Естанов арасындағы кездесуге куә болады. Жекпе-жек ADCC ережесі бойынша өтеді, бұл алматылық спортшы үшін есе қайтаратын керемет мүмкіндік", - деп жазады Fight Nights ұйымының ресми Instagram парақшасы.
Еске салайық, Естанов пен Мирзаев бұған дейін екі рет жұдырықтасқан болатын. 2013 жылдың наурыз ында олар Алматыда "Ұлы соғыс" турнирінде кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік спортшы жеңіске жеткен. 2014 жылдың қарашасында "Дала батырлары" турнирінде қарымта кездесуде де Мирзаевтың мерейі үстем болған.
Мирзаев өзінің соңғы кездесуін 2016 жылдың қараша айында өткізіп, Леван Макашвилиден жеңіліп қалды. Осыдан кейін 31-желтоқсан күні оны белгісіз біреулер өз үйінде атып кеткен еді.
Ал Естанов соңғы кездесуін өткен жылдың мамыр айында FNG 65 турнирінде Сергей Разиннен жеңілген.