Могулдан Қазақстан құрамасының бапкері төрешілердің әділетсіздігіне шағымданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Павел Колмаков. Сурет Reuters© Павел Колмаков. Сурет Reuters©

Фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктор Лемешко Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы Олимпиадада қазақстандық могулшы Павел Колмаков әділетсіз баға кесірінен жүлдеге таласа алмағанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктор Лемешко Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы Олимпиадада қазақстандық могулшы Павел Колмаков әділетсіз баға кесірінен жүлдеге таласа алмағанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өкініштісі Юлия Галышева ғана жақсы өнер көрсетті. Дима Рейхардтың жолы болмады... Төрешілер бірінші күні-ақ... Бізге өзге елдер баға береді. Сондықтан Дима өнер көрсетерде оны алтыншы-жетінші етіп, ортасына қойды, өйткені оның көрсеткіштері жоғары болатын. Оны алтылыққа кіргізгісі келмейтіні осыдан-ақ көрініп тұр. Ал алтылыққа кіру үшін айқын басымдық танытуы керек. Осы... Жылдамдықты асырып алып, болмай қалды. Сондықтан қолымыздан келгенін жасадық", - дейді бапкер.

"Павел Колмаков жақсы өнер көрсетті. Өзін ересек спортшы ретінде танытты. Онымен де жағдай осындай болды. алтыншы етіп қойған спортшының орнында Павел болу керек болатын. Рас. Өйткені ол спортшы көп қате жасады. Павел одан жақсы келген. Бірақ ол канадалық болғаны үшін бағасын көтерді. Финалға өздерінің адамын өткізеді. Финалға екі-үш адамы жетсе, әйтеуір біреуі жүлдеге қол жеткізеді. Жапондарда солай болды, біріншісі шығып қалды, екіншісі де, үшіншісі жетті. Алтылыққа жібермеу де осындай адал. Біржақты пікір бар. Олар Юляны финалға жіберді, сондықтан жүлде бар. Осыдан кейін бірден сақтана бастады. Павелді жебрсе, алтылықта болса жүлдеге таласар еді. Көбі ұшып кетті. Үшінші орын алған спортшының деңгейі өте төмен болды", - дейді Лемешко. 

Еске салайық, Павел Колмаков могулда жетінші орын иеленді, ал Дмитрий Рейхерд - сегізінші. Осылайша, олар алты қатысушы іріктелетін финалға өте алмады да, жүлде үшін жарысты аяқтады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro