Моңғолдың дзюдошы қызы Галбадрахын Отгонцэцэг 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан қатысатын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы Judokramatorsk.info ресурсына сілтеме жасап. Спортшы екі елдің Дзюдо федерацияларының әріптестік меморандумы аясында Қазақстан құрамына өтіп отыр.

Отгонцэцэг Мәскеуде өткен Үлкен дулыға турнирінің күміс медалін жеңіп алған, ал Астанадағы Гран-приде алтын медальді иеленді. Отгонцэцэг, сонымен қатар, Бразилияда өтетін Олимпадаға лицензияны әлдеқашан алып қойған. Ол Қытайдағы Гран-при бәсекесінде қола медаль иегері атанған кезде жолдама берілген еді.