11 мамыр 2014 | 10:06

Мұхит Тұрсынов "Қазақстан барысына" жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kazakhstanbarysy.kz ©kazakhstanbarysy.kz

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан Барысы" турнирінің төртінші маусымына іріктеу сыны аяқталып келеді. Бүгінде еліміздегі 14 облыстың жартысынан көбі жеңімпаздарды анықтап, финалда белдесетін балуандар есімін жария етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан Барысы" турнирінің төртінші маусымына іріктеу сыны аяқталып келеді. Бүгінде еліміздегі 14 облыстың жартысынан көбі жеңімпаздарды анықтап, финалда белдесетін балуандар есімін жария етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр "Қазақстан барысы" турнирінің бас жүлдесін жеңіп алған Шығыс Қазақстан облысындағы бәсеке биыл аса тартысты өтті. Өскемендегі "Жекпе-жек сарайына" жиналған балуандар қатарында тәжірибелі Шалқар Жоламанов та бар еді. Өте қызықты өткен алыптар айқасында қазақ күресінен әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов жеңіске жетті. "Шығыс барысы" атанған Мұхит финалда Шалқар Жоламановтан басым түсті.

"Қазақстан барысына" іріктеу сынын асыға күтеміз. Осы жолы облыста екінші орын алсам да, республикалық сынның финалына қатысу құқын иелендім. Аздап жарақатым бар еді, финалға дейін құлан-таза айығамын деп ойлаймын" - дейді "Қазақстан Барысының" финалына қатысушы - Шалқар Жоламанов.

Осылайша, маусым айында өтетін "Қазақстан барысы" додасының финалында Биыл Шығыс Қазақстан намысын үш балуан қорғайды. Олар - Мұхит Тұрсынов, Шалқар Жоламанов және Айбек Нұғымаров. 2013 жылғы "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы саналатын Айбек биылғы финалға ешқандай іріктеусіз, тікелей жолдама алады.

"Қазақстан барысының" екі маусымына қатысып, жүлдесіз қалдым. Ендігі мақсатым - биылғы сында үздіктер қатарынан көріну. Сол үшін аянбай жаттығамын", - дейді "Шығыс барысы" - Мұхит Тұрсынов

Солтүстік Қазақстан облысында Рустам Жұмаевқа тең келер ешкім болмады. 2012 жылы "Көрермендер көзайымы" жүлдесін иеленген Рустаммен бірге, Дәурен Еслямов облыс намысын қорғайды.

Атырау облысы да өз үздіктерін анықтады. "Қазақстан барысының" өткен маусымында белдескен Сұңғат Закарияев бұл жолы да топтан озды. Сондай-ақ, күміс жүлде тағынған Бекболат Салықов та финалда бақ сынайды.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы іріктеу сынында Жұманазар Ерсұлтанов пен Сабыржан Әбілдаұлына финал жолдамасы бұйырды. Аталған екі балуан былтыр "Қазақстан барысының" финалдық бәсекесінде бақ сынап, Жұманазар қола жүлдегер атанған болатын.

Маңғыстау облысында жас балуан Мейрамбек Жаңабай жеңімпаз атанса, финалға берілетін екінші жолдамаға Манас Иманқұлов иелік етті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін "Қазақстан барысы" жобасының финалына Руслан Әбдіразақов пен Айбек Серікбайұлы (Қызылорда облысы), Арман Әбеуов пен Нұрғали Байтарақов (Астана қаласы), Бейбіт Ыстыбаев пен Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы), Асылхан Бәрменов пен Бекзат Ахметбеков (Қарағанды облысы), Нұрсұлтан Иманғазин мен Рүстем Бурбаев (Ақтөбе облысы) және Дархан Жоламанов пен Батырхан Жүнісовтер (Павлодар облысы) жолдама алған болатын.
"Қазақстан барысы" жобасының финалдық сыны 29 маусым күні Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети