"Найман" армениялық ММА файтерін "жылқыңды же" деген сөз үшін жазаламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Найман" армениялық ММА файтерін "жылқыңды же" деген сөз үшін жазаламақ Сурет: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов армениялық Давид Хачатрянмен жекпе-жек өткізбек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов армениялық Давид Хачатрянмен жекпе-жек өткізбек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Хачатрян Instagram желісі арқылы қазақстандық файтерге сын айтқан болатын. "Қуат, жылқыңды же де, сөйлей бермей тыныш отыр!" - деген еді ол Хамитовке. 

Бұл арқылы ол Хамитовтың ирландиялық Питер Куилли мен армениялық арасындағы жекпе-жектің мерзімінен бұрын аяқталатынына қатысты болжамына жауап берген. Бұл кездесуде Хачатрян нокаутпен ұтылған еді. Осыдан кейін қазақстандық ирландиялықты мақтаған. Питер Куилли отандасы Конор МакГргеордың спарринг серіктесі ретінде белгілі. 

Хамитов Fight Nights Global промоушенін Хачатрянмен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады.

"Fight Nights, осы жекпе-жекті ұйымдастырып беріңдерші", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісіндегі парақшасына және армениялық файтер мен өз суретін қоса жүктеген. .

Хамитов 2017 жылы Алматыда өткен Fight Nights 80 турнирінің басты жекпе-жегінде Куиллимен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен, алайда, кейін Ресейдің ММА федерациясы жекпе-жек тең аяқталды деген шешім шығарды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети