27 тамыз 2014 16:49

Нанкин Олимпиадасында қазақстандықтар жеті медаль алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абылайхан Жүсіпов. ©vk.com/kazboxing Абылайхан Жүсіпов. ©vk.com/kazboxing

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан балалар мен жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық жас боксшы, әлемнің вице-чемпионы Вадим Казаков күміс медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан балалар мен жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық жас боксшы, әлемнің вице-чемпионы Вадим Казаков күміс медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Казаков болгариялық Благо Найденовтан ұтылып қалды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Жекпе-жек туралы мына жерден оқи аласыздар. Казаковқа дейін Нанкиндегі бесінші медаліміз - алтын жүлдені бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов иеленген болатын. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Жүсіпов кубалық Алэйн Лимонте Будені жеңді. Айта кетейік, жекпе-жек барысында қазылар алқасы арасында екінші раундтың қалай аяқталғаны жөнінде талас туған. Дегенмен жеңіс Жүсіповтің пайдасына шешілді. Жетінші медальді еркін күрес палуаны Мұхамбет Қуатбек иеленді. Ол Қазақстан құрамасының үшінші алтынын жеңіп алды.

Абылайханның жүлдесі - Қазақстан құрамасының Нанкиннен алған екінші алтын медалі. Алғашқы ірі жеңіске дзюдошы Бауыржан Жауынтаев қол жеткізген еді. 17 жастағы спортшы әзірбайжандық Натига Гурбанлиді жеңіп кетті. Оған дейін грек-рим күресінің палуаны Евгений Поливадов және ауыр атлеттер - Жасұлан Қалиев пен Татьяна Капустиналар қола медальді құрама қоржынына салған болатын.

17 тамызда басталған Нанкиндегі Олимпиада ойындары 28 тамызда аяқталады. Оған әлемнің 204 елінен 14 пен 18 жас аралығындағы 3700-ден астам спортшы қатысып жатыр. Спорттың 31 түрінің 222 сыны бойынша жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық делегацияның мүшелері туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети