Назарбаев Қазақстан құрамасын Азия ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстан құрамасын Азия ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады Фото Vesti.kz сайтынан алынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Азия ойындары 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өтті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Азия ойындары 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өтті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан құрамасы спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтады. "Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бәсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік және жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл - Қазақстанның жазғы Азия ойындарына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже, жаңа рекорд", - делінген құттықтауда. Оның толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Азия ойындарында Қазақстан барлығы 84 медаль еншіледі. Оның 28 - алтын, 23 - күміс, 33 - қола. Осылайша қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте төртінші орынды иеленді. Бұрын-соңды жазғы Азия ойындарынан Қазақстан ұлттық құрамасы мұншалықты көп алтын жүлде жинамаған еді. Айта кетейік, медаль жарысынан Қытай көш бастады, олар 149 алтын, 107 күміс, 81 қола иеленді. Екінші орында корейліктер тұр, олар 228 медаль еншіледі (77+71+80), ал үшінші орынды жапондықтар алды, оларда жалпы 194 медаль (46+72+76).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети