Неймар UFC файтерін оққағар ретінде жалдады

16 Тамыз 2017, 15:24
0
Неймар UFC файтерін оққағар ретінде жалдады - Nordine Taleb. © Twitter
Nordine Taleb. © Twitter

"Барселона" футбол клубынан "ПСЖ" командасына ауысқан бразилиялық шабуылшы Неймар жеке басының қауіпсіздігін күшейту мақсатында оққағар жалдады. Футболшы UFC-де бақ сынап жүрген ережесіз жекпе-жек шебері Нордин Талебке сенім артыпты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайының қазақ бөлімі. 

Бразилиялық шабуылшының оққағар жалдауына себеп те бар. Өйткені каталондық клубтан ауысқан ойыншыны сынға алып, қоқан-лоққы көрсеткісі келетін қызба жанкүйерлер баршылық. Одан өзге әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде атағы аспандай түскені тағы бар.

33 жастағы Нордин Талеб UFC-де 7 жекпе-жек өткізген. Оның 5-де жеңіске жеткен. Францияда тұратын тегі алжирлік спортшы. Қазіргі таңда ол Неймардың жанынан бір елі қалмай, қауіпсіздігін бақылап жүр. Оны футболшымен бір қатарда түскен суреттерінен байқауға болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай