Нидерланд велошабандозы Рио Олимпиадасында омыртқасын сындырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерланд велошабандозы Рио Олимпиадасында омыртқасын сындырып алды © volkskrant.nl

Нидерланд велошабандозы Аннемик ван Влютен Рио Олимпиадасында жарыс кезінде тізгінді игере алмай, жол бойындағы бордюрге соғысты. Салдарынан спортшы қыздың омыртқасы үш жерден сынып кеткен және миы шайқалған, - деп хабарлайды Reuters.

Спортшы ауруханаға жеткізіліп, интенсив терапия бөліміне жатқызылды. Спортшы ван Влютен Twitter желісінде "Бәрі де жақсы болады" - деп жазған. 

Нидерланд құрамасының бас дәрігері Кеес ван Хугенбанд Аннемик ван Влютеннің ауыр зақым алғанын, бірақ жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Бір күн бұрын, жолдың осы бағытында италиялық Винченцо Нибали ерлер арасында жарыста көшбасшы болып келе жатып, басқаруды игере алмай апатқа ұшыраған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети