29 сәуір 2014 12:08

Нигерия 2010 жылғы әлем біріншілігіне "келісілген" матч арқылы шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уилсон Радж Перумал. Сурет: repin.info Уилсон Радж Перумал. Сурет: repin.info

"Келісілген" ойындарды ұйымдастырғаны үшін темір торда жазасын өтеп жатқан сингапурлық Уилсон Радж Перумал Нигерия мен Гондурастың футболдан 2010 жылғы әлем біріншілігіне шығуына себепкер екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Спорт-Экспресс порталына сілтеме жасап.


"Келісілген" ойындарды ұйымдастырғаны үшін темір торда жазасын өтеп жатқан сингапурлық Уилсон Радж Перумал Нигерия мен Гондурастың футболдан 2010 жылғы әлем біріншілігіне шығуына себепкер екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Спорт-Экспресс порталына сілтеме жасап.

Алаяқтың айтуынша, бірінші команданың финалдық кезеңге шығу үшін ол Тунис құрамасын 1:0 есебімен жеңген Мозамбик құрамасының ойыншыларын ақша беріп сатып алған. Ал екінші жағдайда Перумала букмекерлік кеңселердегі Гандурас құрамасының жеңісіне берілетін коэффиценттерді шектен тыс көтерген. Сол арқылы Гандурас ойыншыларының жеңіске деген жігерін арттырған. 

"Менің жоспарым іске асты. Соның арқасында мен Нигерияны 2010 жылғы әлем біріншілігіне алып шыққан "құпия қаһарман" болдым. Нигерия мен Гандурас құрамаларын әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шығу менің жеке жетістігім болды. Бірақ ол кезде мен бұл екі құрама да "келісілген" мачтар арқылы шыққанын ешкімге айта алмадым", - деп жазған Перумал кеше ғана Еуропа елдерінде сатылымға шыққан кітабында. 

Сондай-қа ол өзінің кітабында 1994 жылы АҚШ жерінде өткен әлем біріншілігінде "Челси" командасының бұрынғы қақпашысы Дмитрий Харинге керекті нәтижені ұйымдастыру үшін 60 мың доллар көлемінде ақша ұсынғанын да жазған.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети