18 ақпан 2014 | 09:47

Іңкәрбек пен Берестовский Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындары барысында шаңғы акробатикасынан сынға түскен отандастарымыз Бағлан Іңкәрбек пен Сергей Берестовский қысқы ойындардың финалдық кезеңіне шыға алмады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Жалпы Олимпиада ойындарының оныншы күні спортшылар жеті медальды сарапқа салған болатын. Шаңғы акробитикасында алтын жүлдені беларус спортшысы Антон Кушнир алса, әйелдер арасында 12,5 шақырымдық биатлоннан масс-стартты тағы бір Беларуссия елінің спортшысы Дарья Дормачева жеңіп алды. Айта кетейік, бұл Дарьяның Сочи Олимпидасындағы үшінші алтын жүлдесі. Сондай-ақ оныншы күні ресейлік Александр Зубков және Алексей Воевода жұбы бобслейден алтын медаль иемденсе, мәнерлеп сырғанаудан америкалық Мерил Дэвис пен Чарли Уайт жұбы шашасына шаң жұқтырмай, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Бүл күні Германия құрамасының сапына тағы бір алтын жүлде түсті. Командалық шаңғымен трамплиннен секіруде Андреас Ванк, Маринус Краус, Андреас Веллингер және Зеверин Фройнд топ жарды. Олимпида ойындарының оныншы күнінің қорытындысы бойынша 8 алтын, 3 күміс, 2 қола медальдары бар Германия құрамасы бірінші орында. Ал, 5 алтын, 7 күміс, 6 қоласы бар Ресей екінші, 5 алтын, 5 күміс және 7 қола медальы бар Нидерланды құрамасы үшінші орында келеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети