27 қыркүйек 2014 | 09:26

Нояндарымыз неге финалға шыға алмады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оң жақта - Э.Әлімжанов. Фото: zimbio.com Оң жақта - Э.Әлімжанов. Фото: zimbio.com

 Семсерлесу спортындағы шпагашы жігіттеріміз командалық сында кемі күміс медаль алулары керек деп сенім артылған еді. Бірақ олар қола жүлдемен шектелді, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

 Семсерлесу спортындағы шпагашы жігіттеріміз командалық сында кемі күміс медаль алулары керек деп сенім артылған еді. Бірақ олар қола жүлдемен шектелді, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

ХVІІ жазғы Азия ойындарында шпагашы жігіттеріміз "командалық сында финалға шығулары керек" деп жоспарланған, яғни сенім артылған еді. Алайда олар қола жүлдені қанағат тұтты. Сенім үдесінен шыға алмаған себептерін білу үшін еліміздің ең үздік шпагашысы Эльмир Әлімжановты сөзге тартқан едік:

Командалық сынның ширек финалында айбынды Қытай құрамасына тап болдық. Жеңілсек жүлдесіз қаламыз. Сондықтан бар күш-жігерімізді салдық. Кездесу барысында жеңіліп те жаттық. Тіпті 21:27 есебімен ұтылып жатқан болатынбыз. Бірақ жанкештілік танытып, таразы басын өзімізге аудара білдік. Сөйтіп 44:40 есебімен жеңіске жеттік. Қарымды Қытай құрамасы жүлдесіз қалды.

Бірақ дәл осы жерде түсінбеушілік бір болды. Біз демалып та үлгерген жоқпыз. Бізді қайтадан ортаға, яғни жартылай финалдық кездесуге шақырды. Шықпауға болмайды. Аздаған уақытқа үзіліс сұрап едік, өтінішіміз орындалмады. Сөйтіп семсерлесу жолағына қайта шықтық.

Қарсыласымыз Жапония құрамасы еді. Негізі, олардың деңгейі Қытай шпагашыларынан жоғары емес. Жеңуге болатын-ақ команда болатын. Бірақ Қытай құрамасымен өткен кездесуде әбден титықтап қалыппыз. Соның кесірінен Жапония құрамасына есе жіберіп алдық. Есеп – 37:45.

Неге ұйымдастырушылар осылай істеді түсінбеймін. Финалда Корея жігіттері бізден басым түскен Жапония шпагашыларын 25:21 есебімен ұтып, ХVІІ жазғы Азия ойындарының чемпиондары атанды...

Ал жекелей сында жүлдеге бір сүйем жетпей сүріндім. Жартылай финал жолдамасына Вьетнам шпагашысымен таласып, 7:8 есебімен ұтылып қалдым. Қарсыласымның соңғы ұпайды олжалауы да түсініксіздеу болды. Шпагасын сермеп қалған, мен жалт бердім, денеме мүлде тимегендей еді. Бірақ шам жанды.

Сөйтіп жартылай финалға шыға алмадым. Осы ретте айта кеткен жөн болар, қазір Вьетнам шпагасының деңгей қарыштап өсіп келеді. Оларды қазір Корея маманы жаттықтырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети