Нурмагомедов МакГрегордың тіл тигізуі жайлы: Ұрып жатқанымда үндемеген еді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нурмагомедов МакГрегордың тіл тигізуі жайлы: Ұрып жатқанымда үндемеген еді © RT

Аралас жекпе-жектен UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың сөзіне жауап берді. Таяуда МакГрегор Twitter желісіндегі парақшасында Нурмагомедовті "атжалман" деп атаған еді, - деп хабарлайды "Чемпионат"

"Мынаған назар аударыңыздар: адам әр турнирден соң Twitter желісінде бірдеңе деп айтып қалуға тырысады, себебі ол үшін газеттің бірінші бетінде болу маңызды. Бұл оны жақсы біледі. Айта берсін, онда жұмысым жоқ. Мен онымен октагонда болдым, ол ештеңе демеген еді. Бетінен шынтақпен, жұдырықпен ұрып, тіземен тептім, сонда да ештеңе демеді. Ал енді арамызды бес-алты мың шақырым бөліп тұрған уақытта, ол қайтадан сөйлей бастады. Бұл оның тәрбиесіздігін, сыйға лайықсыз адам екенін көрсетеді", - деді Нурмагомедов. 

Нурмагомедов пен МакГрегор 2018 жылы жекпе-жек өткізді. Онда Нурмагомедов қылғындыру әдісімен жеңіске жетті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети