Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион америкалық Флойд Мейвезерге жекпе-жек өткізу форматын ұсынды.
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион америкалық Флойд Мейвезерге жекпе-жек өткізу форматын ұсынды.
Мұның алдында Нурмагомедов америкалықты жекпе-жекке шақырған. Мейвезер мұны қабыл көріп, оны Лас-Вегаста өткізуді ұсынды. Ал рейсейлік өз кезегінде Мәскеудегі "Лужники" стадионында жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
"Флойд Мейвезермен екіжақты келісімшарт жасай алсақ, жанкүйерлер риза болады. Біріншісін рингте, ал екенішісін - октагонда өткіземіз, осылай әділ болады. Бокста өзімді бір ғана рет сынағаным әділдік", - деп келтіреді Нурмагомедовтің сөзін beIN Sports.