Ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ұлы мен ирландиялық Конор Макгрегордың жекпе-жегінен кейін болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рен-ТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ұлы мен ирландиялық Конор Макгрегордың жекпе-жегінен кейін болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рен-ТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Ресейлік спортшының әкесінің айтуынша, Хабибке қатысты ең қатаң санкциялар қолданылады. Абдулманап Нурмагомедов бұл мәселеге аяусыздықпен қарайтынын айтып өтті. Әкесінің айтуынша, ол Хабибке бірінші кезекте тәртіп болу керегін ескерткен.
"Сен октагонда қалағаныңды істей аласың. Ал октагоннан шыққан кезде онда әр нәрсенің шегі болады. (...)", - дейді Абдулманап Нурмагомедов.
Бірақ ол октагонда төбелескендерді айыптамайтынын айтады. Себебі октагон өзі жекпе-жектерге арналған алаң болып саналады.
"Хабиб күзетшіні алдап, секіріп өтті. Бірақ ол адам айғайлап, балағаттай бастады. Мені, дінімізді, Хабибті және оның қасында жүрген адамдарды айыптай бастады. Сол кезде Хабиб оған бас салды. Екі күзетші оған қарсы тұрды. (...) Бұл үшін мен жауап беремін. Ол менің командам", - деді спортшының әкесі.
Айтуынша, ұлына қатысты санкциялар UFC белгілеген санкциядан қатаң болады.
МакГрегор мен Нурмагомедов жекпе-жегі алдындағы жанкүйерлердің төбелесі түсірілген видео пайда болды
Еске салайық, Нурмагомедов төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды.
Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелеске себепкер болды. Жағдайға күзет пен полицияның араласуына тура келді. Осыдан кейін Нурмагомедовке гонорарды төлеу шегерілді және ол белбеуден де айырылуы мүмкін.