ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2018 | 09:33
Нурмагомедовтің Конормен өткізген жекпе-жегіндегі гонорары бойынша шешім қабылданды
Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) кеше, сәрсенбіде Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор гонорары бойынша алғашқы шешімді шығарды, - деп жазады "Спорт-Экспресс".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) кеше, сәрсенбіде Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор гонорары бойынша алғашқы шешімді шығарды, - деп жазады "Спорт-Экспресс".
Басылымның мәліметінше, екі спортшының шеттетілу мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, дағыстандыққа жаттығуды әрі қарай жалғастыра беруі үшін жекпе-жектегі гонорарының бір бөлігін қайтару туралы шешім шықты. Қалған миллион доллар әзірше комиссиядағыларда болады.
Бірақ бұл шешімнің қорытынды емес екені айтылады. Алдағы уақытта ресейліктің Лас-Вегастағы UFC229 турнирінен кейін шығарған төбелесі үшін қанша ақша төлейтінін және оған қатысты қандай дисквалификация қолданылатыны белгісіз.
Комиссиядағылардың айтуынша, соңғы әрі нақты шешім 10 желтоқсанда қабылданады.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Нурмагомедов чемпиондық титулын қорғап, МакГрегорды қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Осыдан кейін ресейлік файтер октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелес шығарды. Чемпионға айыппұл салынуы мүмкін.
Показать комментарии
Читайте также