25 қазан 2018 09:33

Нурмагомедовтің Конормен өткізген жекпе-жегіндегі гонорары бойынша шешім қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) кеше, сәрсенбіде Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор гонорары бойынша алғашқы шешімді шығарды, - деп жазады "Спорт-Экспресс".


Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) кеше, сәрсенбіде Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор гонорары бойынша алғашқы шешімді шығарды, - деп жазады "Спорт-Экспресс".

Басылымның мәліметінше, екі спортшының шеттетілу мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, дағыстандыққа жаттығуды әрі қарай жалғастыра беруі үшін жекпе-жектегі гонорарының бір бөлігін қайтару туралы шешім шықты. Қалған миллион доллар әзірше комиссиядағыларда болады.

Бірақ бұл шешімнің қорытынды емес екені айтылады. Алдағы уақытта ресейліктің Лас-Вегастағы UFC229 турнирінен кейін шығарған төбелесі үшін қанша ақша төлейтінін және оған қатысты қандай дисквалификация қолданылатыны белгісіз.

Комиссиядағылардың айтуынша, соңғы әрі нақты шешім 10 желтоқсанда қабылданады. 

Еске сала кетейік, 6 қазанда Нурмагомедов чемпиондық титулын қорғап, МакГрегорды қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Осыдан кейін ресейлік файтер октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелес шығарды. Чемпионға айыппұл салынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети