19 сәуір 2019 | 09:28

Нурмагомедовтің менеджері келесі жекпе-жектің уақытын айтты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Ризван Магомедов ресейлік спортшы келесі жекпе-жекті қыркүйекте өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Ризван Магомедов ресейлік спортшы келесі жекпе-жекті қыркүйекте өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қыркүйекте Хабиб турниге орала ма? Жекпе-жекке қатысатынына тоқсан пайызға сенімдімін. Мүмкін қарсыласы Порье болатын шығар? Бұл туралы толық сеніммен айта алмаймын. Себебі жекпе-жек жайлы келісімдер әлі жүрып жатыр", - деді Магомедов. 

Айта кетейік, Нурмагомедов былтыр қазанда Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы титулын сақтап қалды. Ол кезде жекпе-жек ерегеспен аяқталған еді. Жекпе-жек аяқталған соң ресейлік спортшы октагон қоршауынан секіріп шығып, жанкүйерлер жаққа бет алған. Кейін екі команда арасында төбелес болды.

Бұл оқиғадан кейін Неваданың (NSAC) Атлетикалық комиссиясы Нурмагомедовті турнирден тоғыз айға шететті, сондай-ақ оған 500 мың доллар айыппұл салды. Келісімшарт бойынша Нурмагомедов UFC турнирінде тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Осыған дейін оның Ұлыбританияда үш жекпе-жек өткізетіні хабарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети