Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды UFC спортшылары мінген автобусқа шабуыл жасағаны үшін Нью-Йорк полициясы тұтқындады. Бұл автобустың ішінде Лобовтың отандасы Хабиб Нурмагомедов те болған, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі ESPN баыслымына сілтеме жасап.
Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды UFC спортшылары мінген автобусқа шабуыл жасағаны үшін Нью-Йорк полициясы тұтқындады. Бұл автобустың ішінде Лобовтың отандасы Хабиб Нурмагомедов те болған, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі ESPN баыслымына сілтеме жасап.
Оқиға Бруклинде болды. МакГрегор достарымен бірге автобуста отырған UFC-223 қатысушыларына шабуыл жасады. Ирландиялық спортшы автобустың алдыңғы терезесін шағып тастаған, соның салдарынан америкалық файтер Майкл Кьеза зардап шекті.
Дереккөздің мәліметі бойынша, автобусқа шабуыл жасаған кезде МакГрегордың қасында Лобов та болған екен. Ол кеше Нью-Йорктағы қонақ үйлердің бірінің холында Нурмагомедовпен ерегісіп қалған болатын. 7 сәуір күні өтетін UFC-223 турнирінде Лобов америкалық Алекс Касереспен кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ бұл жағдайдан кейін турнирден шеттетілді.
Ал бұл турнирде нурмагомедов америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі. Бұған дейін Уайт 2016 жылдың қараша айынан бері ММА жекпе-жектеріне қатыспаған МакГрегор ресейлік және америкалық спортшылардың арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесетінін айтты.
Аllboxing.ru порталының мәліметі бойынша, МакГрегордың қасында ережесіз жекпе-жектегі карьерасын бастағалы жүрген танымал қазақстандық воркаутер Ислам Бадургов та болған. Отандасымыз көпшілікке МакГрегорға пародия жасап танымал болған еді. Кейіннен ирландиялық спортшы Бадурговты жаттығу лагеріне шақырған болатын.
Осыған байланысты UFC басшысы Дана Уайт Конор МакГрегор мен Артур Лобовтың UFC-223 турнирінің қатысушыларына жасаған шабуылға қатысты ұйымның тарихында болмаған келеңсіз жайт екенін айтты.
Сондай-ақ ол ресейлік боксшы осы оқиғадан кейін жарысқа қатыспайтыны жайлы айтты. "Артем турнирден шеттетілді. Оның жекпе-жегі өтпейді", - деді Уайт.
Conor McGregor is a maniac pic.twitter.com/aXnRMpxVuX
— Nathan (@WAFCNathan) 5 апреля 2018 г.
UFC 223 турнирі қарсаңында ресейлік файтер Хабиб Нурмагомебов пен Артем Лобов жанжалдасып қалды.
Желіде спортшылардың Нью-Йорктегі қонақүйлердің бірінде ерегескені түсірілген видео таралып жатыр. Нурмагомедов ашулы, бір сәтте тіпті Лобовтың желкесінен ұстайды. Қақтығыс түсірілген видеода қазақстандық воркаутшы, соңғы кезде әйгілі Конор МакГрегор болып пранк ұйымдастыру арқылы танылған Ислам Бадургов та бар. Таяуда Ислам ММА-ға өтетінін мәлімдеген Бадурговты ашуға берілген ресейлік шапалақпен ұрған.