Ольга Рыпакова Олимпиададағы карьерасын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Рыпакова Олимпиададағы карьерасын аяқтады Ольга Рыпакова

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Instagram желісіндегі парақшасында өзінің олимпиадалық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл ретте спортшы Токиодағы ойыннан кейін басқа жарыстарға қатысатын-қатыспайтынын нақтыламады, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Instagram желісіндегі парақшасында өзінің олимпиадалық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл ретте спортшы Токиодағы ойыннан кейін басқа жарыстарға қатысатын-қатыспайтынын нақтыламады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің спорттық карьерам Ольга Саладуха мен Катерина Ибаргуэннің осы салада өнер көрсеткен кезіне келгеніне қуаныштымын.

Мен сияқты, олар да Токио Олимпиадасынан кейін карьерасын аяқтап отыр, бірақ олар ең керемет "үштік" болып қала береді. Мен оларды тек қарсыластар ретінде ғана емес, сонымен бірге жақын адамдарым, нағыз достарым ретінде де қатты жақсы көремін және құрметтеймін. Біз сектордан тыс жерде бірнеше рет кездесеміз деп үміттенемін.

Мен оларға барлық жоспары мен армандары шындыққа айналуы үшін, эмоциялар үш қарғып секірудегідей болсын деп, сәттілік тілеймін. Өмірде әрдайым жетістіктер болуы үшін! Құлдырау болмасын!" - деп жазды Ольга Рыпакова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olga Rypakova (@olgarypakova_official)

Ольга Рыпакова - ұзындыққа секіруде, үш қарғып секіруде және көпсайыстан ел атынан шыққан қазақстандық жеңілатлет. Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016). 2010 жылғы әлем чемпионы. Токио Олимпиадасынан ол алғаш рет медальсыз қайтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети