Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Рио Олимпиадасының үш қарғып секіруден финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Іріктеу кезеңінде Рыпакова 14,39 метрге секірді. Бұл нәтижесі жарыстың финалына шығуға мүмкіндік берді.

Осы бағдарлама бойынша финал 15 тамызда таңғы 06:00-де өтеді.
Айта кетейік, Рыпакова финалға екінші мүмкіндігін қолданғаннан кейін шықты. Біріншісінде ол 14.10 метрге секірген еді. Ал колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14.52 метр нәтижесін көрсетіп, бірінші секіруінен-ақ финалға шықты.