Ольга Рыпакова спорттан кетпегенін мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Рыпакова спорттан кетпегенін мәлімдеді Фото: olympic.kz. Владислав Семенов©

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова спорттағы мансабын аяқтамайтынын айтып, жалған ақпарат таратпауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова спорттағы мансабын аяқтамайтынын айтып, жалған ақпарат таратпауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің бірде-бір жазбамда спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жазылған жоқ... Біреу Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруді аяқтағаным туралы ақпаратты таратқаны өте өкінішті", - деп жазды спортшы Instagram-да.

Рыпакова үлкен жарыстардан кейін спортшылар әрдайым демалып, қалпына келуі керек, жеңістер мен жеңілістерден кейін келесі кезеңге дайындалу керек екенін айтты.

"Мен де дайындаламын, өйткені кез келген жастағы спортшы үшін жарыс - бұл өнер көрсету мүмкіндігі. Алда биыл да, келесі жылы да қызықты жарыстар бар...

Мен журналистер мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауды сұрағым келеді. Менің жанкүйерім спорттағы мансабымды аяқтасам, ол туралы бірінші болып біледі. Себебі мен сіздердің әрқайсыңызды бағалаймын және сіздің қолдауыңыз үшін ризамын", - деп қосты спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Instagram желісіндегі парақшасында өзінің олимпиадалық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді деген ақпарат тараған болатын. 

Ольга Рыпакова - ұзындыққа секіруде, үш қарғып секіруде және көпсайыстан ел атынан шыққан қазақстандық жеңілатлет. Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016). 2010 жылғы әлем чемпионы. Токио Олимпиадасынан ол алғаш рет медальсыз қайтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети