Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтты Ольга Рыпавкова. © Никита Басов

Жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қарғып секіруден отандасымыз Ольга Рыпакова қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қарғып секіруден отандасымыз Ольга Рыпакова қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық спортшы 14,77 метрге қарғып, үшінші нәтижені көрсетті. Әлем чемпионатының алтын жүлдесі колумбиялық Катрин Ибаргуэнге бұйырса, күмісті Израиль елінен келген спортшы Анна Князев-Миненко иеленді. Ол отандасымыздан 1 сантиметр ғана ұзаққа секірді.

Бүгін 100 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы бәсеке де өтті. Отандасымыз Виктория Зябкина финалдық кезеңге өте алмай қалды. Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионаты 30 тамыз күні мәресіне жетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети