16 маусым 2016 13:08

Ольга Шишигина допинг дауын саяси ойын деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Шишигина.  © Vesti.kz Ольга Шишигина. © Vesti.kz

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы, белгілі спортшы Ольга Шишигина допинг дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы, белгілі спортшы Ольга Шишигина допинг дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, спортшылардың қанынан табылған станозолол жүрек бұлшық еттерін қалпына келтіруге көмектеседі. "Бұл дәрмекке жақында ғана тыйым салынды, ол тізімге былтыр енгізілді. Спортшыларға екі жылға спорттан шеттету қаупі төніп тұр. Менің қанымнан да осы препарат табылған кезде екі жылға шеттелген болатынмын", - деді спортшы. Сонымен қатар, ол бұл допинг даудың саяси астары бар екенін де айта кетті. "Менің ойымша, саяси ойын болып жатыр. WADA ресейлік команданы Олимпиадаға жіберісі келмейді. Олар Ресейді ғана шеттетіп отырғанын көрсетпес үшін, бізді де қосып отырған болуы мүмкін", - деді Шишигина.

Олимпиада чемпионының айтуынша, көпшіліктің допинг қабылдауды зиян деп есептейтінін, дегенмен мұның олай емес екенін айтты. "Допинг спортшының ағзасына аса ауыр зиян келтірмейді, яғни, спортшылар да адам, сондықтан олар өзін емдеулері қажет. Бізде фармацевтикалық сала бір орында тұрған жоқ, дамып жатыр. Қандай дәрі-дәрмекке тыйым салынғанын бақылап үлгермейміз. Бірнеше мың ингредиентке тыйым салынған, әрі бұл тізім үнемі жаңарып отырады. Тізімді көрсеңіздер, шошып кетесіздер. Бізге ештеңе пайдалануға болмайды. Біз нафтизин де, ауырсынуды басатын дәрілерді де пайдалана алмаймыз. Бала көтертпейтін дәрілерер ішуге де болмайды", - дейді Шишигина.

Айта кетейік, 1996 жылы Ольга Шишигинаның қан құрамынан станозолол табылған еді. Бұған дейін ол Гетеборгте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер болып үлгерген. Екі жылға спорттан шеттетілген ол қайта келгеннен кейін Сиднейде өткен Олимпиадада чемпион атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети