Олимпиада-1952 алауы 134 мың евроға сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада-1952 алауы 134 мың евроға сатылды Олимпийский факел. yle.fi сайтынан

Хельсенкидегі аукционда 1952 жылы Финляндияда өткен олимпиада алауы сатылды, деп хабарлайды Уle сайтына сілтеме жасай отырып. Бастапқы баға 90 мың евро болса, соңында алау 134 мың евроға өткен. Алау Олимпиада ұйымдастырушыларының бірінің меншігінде болған. Олимпиада алауы осы уақытқа дейін жөнделіп, тазаланбаса да жақсы сақталған көрінеді. "Алауда аздап ыс пен сырылған жерлері көрініп тұр" , дейді банкирлер үйінің атқарушы директоры Кристиан вон Шанц. 1952 жылғы Олимпиадаға арнап 22 алау жасалса, оның бесеуі ұрланған болатын. Эстафета Грецияда бастау алды, дәл сол жерде 4 алау ұрланыпты. Тағы біреуі Финляндияда Похьянмаада ұрланған, – дейді Кристиан вон Шанц. Агенттік деректері бойынша аукционда сатылған алау аты аңызға айналған желаяқ Пааво Нурми Хельсинкиде жаққан Олимпиада алауы деседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети