Олимпиада-2018: Полторанин жүлдесіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада-2018: Полторанин жүлдесіз қалды © Ізтұрған Алдауев

Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасындағы 50 шақырымдық спринттік сайыс аяқталды.

"Қазақстандық Алексей Полторанин жүлделі орыннан көріне алмады. Жарыс қорытындысы бойынша фин Ийво Нисканен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс және қола медальды ресейлік спортшылар Александр Большунов пен Андрей Ларьков иеленді. Ал Алексей Полторанин 15-орында қалып қойды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, кеше қазақстандық спортшының бас жаттықтырушысы эстон Мати Алавер шәкірті жүлделі орыннан көріне алмаса, осы маусымдағы барлық жалақысын кері қайтаратынын айтқан болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола медаль ғана бар. Оны фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған болатын. Ақ Олимпиада ойындары ертең аяқталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети