Олимпиада-2020 жүлдегерлері Чиншанло мен Сонға көлік сыйға тартылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада-2020 жүлдегерлері Чиншанло мен Сонға көлік сыйға тартылады Фото ©REUTERS

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа автокөлігімен марапаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа автокөлігімен марапаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында спортшыларға көлік кілтін табыс етеді.

Сонымен қатар, спортшылардың жеке жаттықтырушысы мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады, делінген Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі санатта қола жүлдені жеңіп алса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі санатта үшінші орынды иеленді.

Спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы қаласының әуежайында қарсы алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети