02 қазан 2014 | 10:07

Олимпиада-2022: Алматының бір ғана қарсыласы қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер тағы бір қала өз кандидатурасынан бас тартты, - деп хабарлайды  Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер тағы бір қала өз кандидатурасынан бас тартты, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

Бұл жолы бәсекені қабылдаудан Норвегия бас тартып отыр. Осло қаласы қысқы ойындарды қаржы мәселеісне байланысты қабылдаудан бас тартқан. Ел билігіне келген Өрлеу партиясы қаланың Олимпиада ойындарын қабылдауға қажетті қаражатты бөлмейтінін айтып, кері дауыс берген. 

7-шілде күні Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы директорлары үш қаланы: Алматы (Қазақстан), Бейжің (Қытай) және Ослоны (Норвегия) 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер қала ретінде бекіткен еді. Енді үміткерлердің тізімі екі қалаға дейін қысқарып отыр. Бұған дейін байрақты бәсекені қабылдаудан Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) бас тартқан. 

Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы Халықаралық Олимпиада комитеті 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лумпур қаласында жария етеді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети