08 шілде 2014 12:08

Олимпиада-2022: Жириновский Алматыға жеңіс тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Жириновский. ©РИА Новости Владимир Жириновский. ©РИА Новости

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Алматыға 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығы үшін күресте сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Алматыға 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығы үшін күресте сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алма-Ата, Осло мен Пекин - қысқы Олимпиада-2022-нің ресми үміткерлері. Өз жерлестеріме, сүйікті қалам Алма-Атаға жеңіс тілеймін. Мүмкіндіктері бар", - деп жазды Жириновский Twitter-дегі микроблогына. 

Еске сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 7 шілдеде Алматы қаласын 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына үміткер ретінде ресми түрде бекіткен болатын. Қазақстанның оңтүстік астанасымен бірге Осло (Норвегия), Пекин (Қытай) қалалары да үміткер ретінде бекітілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Алматының Олимпиада өткізу құқығын жеңіп алу мүмкіндігі аз, ол біраз бағыт бойынша ХОК-тың арнайы жұмыс тобы тарапынан төмен бағаға ие болған. Оның үстіне, Қазақстанның ірі қысқы жарыстар өткізу тәжірибесі жоқ.

2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізетін қала 2015 жылдың жазында Малайзияда жария етіледі. Бұған дейін Алматыда бұл Олимпиаданы өткізу үшін тек екі нысан салу ғана қалғаны хабарланды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети