Олимпиада чемпионы және Вэл Баркердің Кубогының иегері Бақтияр Артаевтың төртінші перзенті дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиада чемпионы және Вэл Баркердің Кубогының иегері Бақтияр Артаевтың төртінші перзенті дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Аллаға шүкір, аман-есен босанды... Екі-үш сағат бұрын ғана босанды. Денсаулығы жақсы. Әйелім маған төртінші баланы, ұлды сыйлады. Сонда қазір менде екі ұл және екі қызым бар. Менің балам нағыз батыр. Салмағы - 5 келі 200 грамм, бойы 64 сантиметр. Мұндай көрсеткіш ешкімде жоқ шығар", - дейді Олимпиада чемпионы.
Артаевтың айтуынша, жұбайы таяу күндері перзентханадан шығарылады. Айта кетейік, Артев Лондонда оқып жатыр - ол қазіргі уақытта демалыста, Ұлыбританияға бір аптадан кейін аттанады.