17 қараша 2014 13:53

Олимпиада чемпионы Майя Манеза жол-көлік оқиғасына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы кадрының скриншоты СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы кадрының скриншоты

2012 жылғы Олимпиада чемпионы Майя Манеза Алматыда жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


2012 жылғы Олимпиада чемпионы Майя Манеза Алматыда жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Әлемнің екі дүркін чемпионының автокөлігі жолдан шығып кетіп, арыққа құлады. Майя Манезаның күйеуі оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін айтты. "Біздің жағдайымыз жақсы, Майя арыққа түсіп кетті. Біз ешкімді қағып кетпедік, ешқандай жол апаты болмады. Осы оқиғадан соң БАҚ бізді ірі апатқа ұшырады деп шу көтерді. Бұл олай емес, біз сау болдық, жүргізуші қателігіне ғана жол берілді. Машина сәл-пәл зақымданды, оны жөндеуге апарамыз", - деді Вячеслав Ершов.

 

Еске сала кетейік, 14 қараша күні Майя Манеза Алматыда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. Бала босанған зілтемірші екіжылдық үзілістен кейін спортқа оралып отыр. 69 келіге дейінгі салмақта ол сегізінші орынды иеленді. Ал тағы бір қазақстандық ауыратлет қыз Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеруден үшінші орын алды. Қазақстанның ауыратлеттері әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде үшінші орынды иеленді. Құрама үш алтын, екі күміс наградаға қол жеткізді. Зүлфия Чиншанло (53 келіге дейінгі салмақта), Жасұлан Қыдырбаев (94 келіге дейінгі салмақ) пен Илья Ильин (105 келіге дейінгі салмақ) чемпион атанды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети