24 мамыр 2017 | 14:55

Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовтың ісі қазақстандықтардың көңілін босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ANN.Az © ANN.Az

2016 жылы Олимпиаданың алтын медалін алған ауыратлет Нижат Рахимов алып күш иесі ғана емес, кең жүректі адам болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылы Олимпиаданың алтын медалін алған ауыратлет Нижат Рахимов алып күш иесі ғана емес, кең жүректі адам болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Назим Юнусов атты интернет қолданушы Instagram желісіндегі парақшасында Рахимовтың ауыр жағдайда қалған адамға көмегі туралы жазған. 

"Мұндай оқиғаларды әдетте интернеттен ғана көреміз. Сондықтан мен мұндайға сене бермейтінмін. Бүгінге дейін. Бүгін Нижатпен біраз жобаны талқылауға кездестік, қасымызға 45-55 (оны Д деп атайық) жас аралығындағы адам келіп, қолдан келетін көмек беруді өтінді. Осы кезде даяшы мен әкімгер жүгіріп келіп ол адамды қуа бастады. Нижат бәрі дұрыс екенін айтып, Д-дан ақша неге керектігін сұрады. Д қарны ашқанын айтты, Нижат бірден тамаққа тапсырыс берді, ары қарай біз Д-ның басынан өткендерін тыңдап отырдық. Ол табыс табуға келгенін, алайда, оны алдап, заттары мен құжаттарын тартып алғанын айтты. Енді үйге қайта алмай жүргенін айтып, көз жасын сүртті. Нижат зер сала тыңдап, тамақ суымай тұрып ішіп алыңыз дегенді ғана айтты. Осы кезде оқиғаның маңыздылығы мен Нижаттың адамгершілігіне таңданып отырдым. Ал Нижат күліп қана қойып, ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді дейсіз деп қана отырды", - деп жазды ол.

Айтуынша, олар ақыры оған жолға тамақ алып, вокзалға барған. "Автобусқа отырғыздық, Нижат оның жолына ақша мен өз нөмірін берді де, жеткенде хабарлас деп, әйтпесе алаңдайтынын айтты. Сәттілік тіледік те қайттық. Д өзіне Рио Олимпиадасының чемпионы көмектескенін білмей де кететін шығар. Жазғанымның бәрі шындық, жарнама емес, әр сөзіме жауап беруге дайынмын", - деп жазды қолданушы.

Бірақ ол бұл әрекетімен мақтанғысы келмейтінін айтты. "Ал ең бастысы бұл постпен мақтанғым келген жоқ! Сауап айтылмай істелген жақсылыққа ғана берілетінін білемін. Бірақ өзімді ұстай алмадым, бұл әлемде жақсылықтың барын, Нижат сияқты ізгі адамдардың барын жайып салғым келді. P.S. Нижатпен тансықаныма көп болған жоқ. Мына жазғаным үшін ұрсатынын білемін. Мен бұл оқиға арқылы адамдарды ізігілікке шақырғым келді", - деп әсерін бөлісті ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети