11 ақпан 2014 19:03

Олимпиада жеңімпаздарының сыйақысы өсуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада ойындарының алтын медалі. Сурет svoboda.org сайтынан алынды Олимпиада ойындарының алтын медалі. Сурет svoboda.org сайтынан алынды

Сочи Олимпиадасында алтын медаль алған қазақстандық спортшыларға сыйақы ретінде берілетін ақшаның көлемі өсуі мүмкін. Бұған себеп, елімізде доллар құнының жоғарылауы деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Сочи Олимпиадасының жеңімпаздарына 250 мың доллар сыйақы белгіленген болатын. Егер осы ақшаны жеңімпаздарға теңгемен беретін болса, біршама өсіп кететіні анық. Мәселен, доллардың ескі бағамы бойынша қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы 38,75 миллион теңге болса, жаңа бағамда бұл көрсеткіш 46,25 миллонға дейін өсіп кетеді. Бүгін белгілі болғандай Ұлттық Банк теңгенің бұрынғы айналымдағы құнынан бас тартып отыр. Енді бір долларды елімізде орташа есеппен 185 теңгеге сатып алатын боламыз. Айта кетейік, Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары барысында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 21 орында тұр. Қазірге біздің құраманың қоржынына бірде-бір медаль түскен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети