Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы жантүршігерлік жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы жантүршігерлік жарақат алды © globo.com

Волейболдан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы 29 жастағы бразилиялық спортшы қыз Таиса Мензес ауыр жарақат алды. Әйелдер Чемпиондар лигасында ойын барысында Таиса аяғын сындырып алды. Видео YouTube желісінде шықты. Түркиялық "Экзачибаши" командасы үшін өнер көрсететін волейболшы блок тосуға секіріп, сәтсіз құлаған. Видеоның кадрларынан оның оң аяғы сыртқа қарай шығып тұрғаны байқалады. 

Командаластары мен қарсыластар Таисаның айғайын естігенде оның жантүршігерлік жарақат алғанын көреді, қайта қарауға шыдамаған қыздар алаңнан шығып кеткен. Біреулер басын ұстап, басқалары жылап жүр. Волейболшы қыздың қашан сауығып кететіні әлі белгісіз. 

© instagram.com/daherthaisa

Таиса Менезес әйелдер арасында әлем бойынша блок қоюда ең мықты спортшы ретінде танылған. Бразилия құрамасында ойнап, Пекинде және Лондонда өткен жарыста алтын медальді жеңіп алған. Сонымен қатар Таиса әлемнің ең көрікті волейболшы қыз ретінде де танылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети