14 тамыз 2016 19:03

Олимпиадада алтын алған мұсылман жігіті сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestikavkaza.ru © vestikavkaza.ru

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша алтын медальға қол жеткізген ингушетиялық Хасан Халмурзаев барлық сыйақысын қайырымдылық шарасына жұмсайтыны жөнінде мәлімдеді, - деп хабарлайды muslim.kz.

Ол өзіне берілетін қаржыны туған республикасындағы жеткіншектер арасындағы спортты дамытуға жұмсайтынын да шешіп қойған.

"Мен Ингушетиядағы дзюдомен айналысатын жас балаларға көмек көрсеткім келеді. Республика аумағында спорт мектептерін тұрғызуға үлес қоссам деймін. Біздің елден Олимпиада чемпиондары көптеп шықса екен", – дейді ол.

Айта кетейік, Хасан Халмурзаевқа Олимпиада чемпионы атанғаны үшін Ресей үкіметі 4 миллион рубль төлейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети