Олимпиадада үшінші орын алған тай спортшысының әжесі жарыс көріп отырып қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиадада үшінші орын алған тай спортшысының әжесі жарыс көріп отырып қайтыс болған © lenta.ru

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған тай спортшысы Синпхета Круаитонгтың әжесі немересі қатысқан жарысты тамашалап отырған кезде бақилық болды - деп хабарлады BAQ.kz шетелдік басылымға сілтеме жасап.
 
Зілтеміршінің ата-анасының үйінде Круаитонгтің туыстары мен достары спортшыға жанкүйер болу үшін жиылған.

Телетрансляцияны тамашалау кезінде 82 жастағы Субин Кхонгтхаптың денсаулығы сыр берген. Туыстары кейуананы ауруханаға жеткізді, онда дәрігерлер қарттың көз жұмғанын мәлімдеген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, кейуана инсульт алған. Кхонгтхаптың туыстары оның немересінің медальға қол жеткізгенін көріп үлгермегенін хабарлады.

Жарыс жексенбіде, 7 тамызда өтті. Қытайлық Лун Циньцюань Олимпиада чемпионы атанды, күміс жүлдеге КХДР өкілі Ом Юн Чхоль ие болды. Айта кетейік, төртінші орынды отандасымыз Арли Чонтей алған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети