Оңтүстік Корея 2018 жылғы Олимпиада ойындарының бір бөлігін КХДР-да өткізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея 2018 жылғы Олимпиада ойындарының бір бөлігін КХДР-да өткізуді ұсынды © REUTERS

2018 жылғы Олимпиада ойындарының бір бөлігі КХДР аумағында өтуі мүмкін. Оңтүстік Кореяның спорт министрі То Чжон Хван спорт жарыстарын бірге өткізу арқылы екі ел арасындағы саяси шиеленісті болдырмауға мүмкіндік жасайтынын мәлімдеді, - деп жазады ұлыбританиялық The Guardian басылымы.

Басылымның мәліметінше, мұнда Солтүстік Кореядағы Масикрюн курортындағы бірінші кластағы тау шаңғы спорты туралы айтылып жатыр. То Чжон Хван тау шаңғы спортын осы курортта өткізіп, жоспарлары жайлы Солтүстік Корея делегаты Чан Вун мен Халықаралық Олимпиада комитетінің өкілдерімен талқыламақшы.

Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның спорт министрі хоккейден әйелдер арасында Оңтүстік және Солтүстік Корея құрамасын біріктіріп, Пхенчханда өтетін ойындарға қатысуды ұсынды.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында Пхенчханда XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети