"Оралғым келеді. Мен бұл спортты сүйемін" - Ильин шеттетілуі және алдағы Олимпиада жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оралғым келеді. Мен бұл спортты сүйемін" - Ильин шеттетілуі және алдағы Олимпиада жайында Илья Ильин. © wfrk.kz

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин ОКҚ-да өткен брифинг барысында спортқа оралуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин ОКҚ-да өткен брифинг барысында спортқа оралуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Уәде бергенімдей, сіздермен қайта жүздесіп отырмын. Неге мұнда отырмын дейсіздер ме? Алғысымды білдіргім келеді. Бүкіл Қазақстанға. Арқамнан ауыр жүк түскендей. Маған бекем бол деген Нұрсұлтан Әбішұлына рақмет. Менің спортта қалуым үшін барлық жағдай жасады. Ата-анам мен туғандарыма рақмет", - дейді Ильин. 

Спортшы осы уақытқа дейін немен айналысып келгені және қиын сәтте кімнің қолдау білдіргенін айтып берді. 

"Спортта жүргеніме 20 жыл. Бұл спортты сүйемін. Жанымда әрдайым жас буын табылады. Менімен жұмыс істегісі келген адамды қалай жаттықтырмайсың, сондықтан, семинарлар мен шеберлік сағаттарын жүргіздім. Көп көмектесті. Федерация да, министрлік те. Үнемі қолдау білдіріп келді. Швейцарияға бардық, адвокаттар жалдадық, британиялық. Федерация мен Конфедерация бүкіл шығынды өз қалтасынан көтерді. 5 қазанда отырыс болды. Бәрі жақсы өтіп, маған бір-екі ай күте тұр деген болатын", - дейді атлет. 

Ильин алдағы жоспарларын айтып, әлі Олимпиадаға қатысу туралы бір шешімге келмегенін мәлімдеді. 

"Олимпиадаға барамын ба, білмеймін. Бірақ оралғым келеді, жасым 29-да ғана ғой. Алдымен елдің спорт жетекшілігімен кездесу керек. Жарты жыл ауыр көтергенім жоқ. 170 және 215 келі ғана көтеріп жүрдім. Ол 75 пайыз ғана. Дәрігерлер бәрі дұрыс десе, команда жинау керек... Бара аламын ба, жоқ па, осыдан кейін ғана белгілі болады. Токио Олимпиадасы ойыма орала берді. Ал салмаққа байланысты 94 әлде 105 келі ме, соны шешіп алу керек. 10 келі салмақ тастадым. 99-100 келі шамасындамын. 32 жас - өзіңді толық ашып көрсететін шың. 94 келі дәрежесінде де көтеретін салмақтар жеңіл болады. Дайындалу керек", - дейді Ильин. 

Еске салайық, мұның алдында 29 жастағы Илья Ильин екі жыл бұрын допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген болатын. 2018 жылдың 10 маусымында шеттеу уақыты аяқталып, спортшының 2020 жылғы Токио Олимпиадасында өнер көрсете алатыны хабарланған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети