Шымкенттік "Ордабасы" футбол командасының бас бапкері Виктор Пасулько атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне команданың бас хатшысы Ілияс Жолдас айтып берді.
"Команда мен бапкер арасындағы құжат бойынша келісім-шарт әлі үзілмеген. Дегенмен, клуб жетекшілері Виктор Васильевичті қызметінен алып тастады. Екі күннен соң қызылордалық "Қайсар" командасына қарсы премьер-лиганың бірінші турында "Ордабасыны" Пасульконың көмекшісі Қуаныш Қарақұлов бастап барады", - дейді Ілияс Жолдас.
Бас хатшының айтуынша, команданың тізгінін ұстауға үміткерлердің саны оннан асып жығылады екен. Олардың қатарында Августин Кирица, Қуаныш Қарақұлов, Талғат Байсуфинов сынды мамандар бар.