Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Ордабасы" Мирослав Беранекпен келіссөз жүргізуде

01 Сәуір 2014, 10:13
0
Мирослав Беранек. Сурет: vesti.kz
Мирослав Беранек. Сурет: vesti.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мирослав Беранек шымкенттік "Ордабасы" командасымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Екі тарап қазірше бапкердің жалақысы туралы келіссөздер жүргізуде. Жуық арада бұл мәселе түпкілікті шешілетін болады. 

"Клуб жетекшілері мен бапкер арасында келіссөзер жүріп жатыр. Бірақ, оның қалай аяқталатындығын айту қиын. Сондықтанда әліптің артын баққанымыз жөн. Бұл мәселеге осы аптаның соңына дейін нүкте қойылуы керек", - деді Tengrinews.kz тілшісіне "Ордабасы" командасының бас хатшысы Ілияс Жолдас.

Айта кетейік, Мирослав Беранек Қазақстан ұлттық құрамасын 2011 жылдан 2013 жылдың соңына дейін жаттықтырды. Осы аралықта бапкер елордалық "Астана" клубының да бас бапкері болған. Бірақ, команда Еуропа лигасында сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін, бапкер отставкаға кеткен. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай