09 қыркүйек 2014 16:47

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың бүкіләлемдік біріншілігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото firesport-almaty2014.com сайтынан Фото firesport-almaty2014.com сайтынан

Алматыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спортынан оныншы әлем чемпионаты аяқталып, қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спортынан оныншы әлем чемпионаты аяқталып, қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасындағы бірнеше күнге созылған әлем чемпионатына 14 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Әлем біріншілігі төрт жаттығу бойынша өтті – мұнараға шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрді кедергілер арқылы өту, өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік өрт сөндіру әрекеттерін толық құраммен орындау.

Алматыдағы Орталық стадионның аумағында өткен бүкіләлемдік біріншілікте Қазақстан спортшыларына үш жүлде бұйырды. Жауынгерлік өрт сөндіру әрекеттерін толық құраммен орындау сынында жігіттеріміз алтын медаль алып, қыздарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұл екі сында ел намысын мына спортшылар қорғады:
ерлерМахамбет Сатыбалдиев, Асылзат Ілиясов, Вахиджан Қазақбаев, Павел Хорошилов, Константин Юртаев, Дмитрий Агафонов, Федор Суслов.
қыздар Камила Баранник, Наталья Герасименко, Елена Гептина, Виктория Волженцева, Александра Гулюкина, Марина Колотова, Кристина Галетовская.

Енді бір қола жүлде 4х100 эстафетасында еншіледі. Бұл сында Қазақстан-1 құрамасының сапында мына қыздарымыз бақ сынады: Камила Баранник, Наталья Герасименко, Александра Гулюкина, Марина Колотова.

Жалпы командалық есепте Қазақстан өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 5-орынға ие болды. Мұнда Беларусь бірінші орынды иеленіп, Чехия екінші орынға орналасты. Бұдан кейінгі орындарға Ресей мен Украина ие болды.

Алматыдағы бүкіләлемдік біріншілік салтанатты түрде жабылып, келесі ХІ әлем чемпионаты 2015 жылы Санкт-Петербургте (Ресей) өтетін болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети