UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы дебют жекпе-жегінене қандай үміт артып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы дебют жекпе-жегінене қандай үміт артып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дана Уайт өзінің Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, оның сипаттамасына "Білмесеңіз, енді бәрінен хабардарсыз" деп жазған. Ол қазақстандықтан жақсы жекпе-жек күтетінін мәлімдеді.
"Рахмонов Оливейраға қарсы шығады. Оливейрада - 22 жеңіс, 12 нокаут, 5 сабмишен бар және жекпе-жектің 80 пайызын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол UFC ардагері, ұйымда бес жыл өнер көрсетеді. Октагонда Гилберт Бернс, Ковбой Серрон, Карлос Кондит, Тим Минс, Гуннар Нельсонға қарсы шыққан. Кез келгенін атаңыз - ол бәрімен жұдырықтасқан. Ол жоғары дәрежелі файтер, оның стилі жабайы. Ол барлық жағынан өте мықты.
Ол UFC-дегі Рахмоновтың алғашқы қарсыласы болады, жігітке көп үміт артамыз. Рахмонов өзінің 12 жекпе-жегін жеңіспен, барлығын мерзімінен бұрын және жетеуін нокаутпен және бесеуін сабмишенмен аяқтаған. Ол бәрін мінсіз жасайды, жекпе-жекте ол айнала аяқпен тебу, тізесімен секіру сынды керемет техникасын көрсетеді. Жігіт керемет рекорд көрсетті. Жағының қатты екенін тексердік, төбелес дағдылары да сыналды. Ол дәл қазір Ковбой Оливейраны ойыннан шығаруға қабілетті спортшыға ұқсайды және букмекерлер мұнымен келіседі. Бұл өте жақсы жекпе-жек болуы керек", - деді Дана Уайт.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
UFC 254 турнирі 24 қазанда (қазақстандық уақыт бойынша 25 қазанда) Абу-Дабиде өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегі - жеңіл салмақтағы промоушен чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи арасында өтеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!