23 тамыз 2017 15:47

Отгонцэцэг Галбадрах - Универсиада ойындарының қола жүлдегері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстандық бұрымды дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық бұрымды дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз доданың 1/8 финалында жапон қызы Умекита Майдан жеңіліп қалған еді. Кейін біздің дзюдошы жұбату белбесуіне қатысты. 

Бірінші жұбату белдесуінде Галбадрах аустриялық Мара Крафтан айласын асырды. Екінші белдесуінде француз дзюдошысы Джессика Марин Анриден айласын асырса, үшінші белбесуінде ол польшалық Йоанна Станкевичтен үстем болды. 

Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде 25 жастағы дзюдошымыз Мария Персидскаядан үстем түсіп, үшінші орын алды. 

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында жеңіп отырған 7 жүлдесі. Осылайша біздің құрамасы 2 алтын (Альберт Линдер, Айдар Қазов - ауыр атлетика), 1 күміс (Карина Горичева - ауыр атлетика) және 4 қола (Арли Чонтей - ауыр атлетика, Дмитрий Баландин - жүзгіш, Бекәділ Шаймерденов, Отгонцэцэг Галбадрах - дзюдо) жүлдемен командалық есепте 11-орында келеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети