Қазақстан паралимпиадашылары Сочиде
Ертең Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Ерлан Омаров ұстап шығатын болыпты.
Жас зілтеміршілеріміз Азия біріншілігіне аттанды
4-12 наурыз аралығында Тайландтың Бангсаен қаласында ауыр атлетикадан Азия біріншілігі өтеді. Бұл турнирде еліміздің намысын бес зілтемірші қорғайтын болады.
05 наурыз 2014
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты ресми түрде Алматыда өтетін болып, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Томаш Аян өзара келісімге қол қойды.
04 наурыз 2014
"Астана" баскетболшылары ел кубогын еншіледі
Елордада баскетболдан Қазақстан кубогының биылғы маусымдағы жеңімпазы анықталып, "Астана" баскетбол клубы төртінші жыл қатарынан теңдессіз шықты.
Футболды хиджабпен ойнауға рұқсат етілді
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен футбол қауымдастығының IFAB халықаралық кеңесі ресми түрде футболды сәлде мен хиджаб киіп ойнауға рұқсат етті.
"Арландар" сапында бір боксшы ауысты
"Астана арландары" кәсіпқой бокс клубы 1 наурыз күні Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Hussars Poland» командасымен кездеседі.
28 ақпан 2014
Олжас Сәттібаев "арландардың" сапына келер жылы қосылады
Бокстан 52-келі салмақтағы Қазақстан біріншілігінің чемпионы, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Олжас Сәттібаев WSB сериясында ел намысын қорғап жүрген "Астана арланс" командасына келер жылы қайта қосылады.