Рио-2016 қазақстандық паралимпиадашыларының жүлде қоры олимпиадалыққа теңестіріледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайында қазақстандық паралимпиадашылар делегациясын күтіп алу кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Рио-2016 қазақстандық паралимпиадашыларының жүлде қоры олимпиадалыққа теңестіріледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайында қазақстандық паралимпиадашылар делегациясын күтіп алу кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
"Паралимпиада ойындарынан алған алтын және күміс медальдар ел тариxының алғашқы жүлделері саналады. Бұл барша Қазақстан үшін үлкен қуаныш. Ең бастысы, әрине, бұл біздің спортшыларымыз үшін үлкен бақыт. Біздің мақсатымызда жалпы медальдік есепке ену болмаған еді, біздің мақсатымыз Риоға 10 жолдама ұтып, Ойындарға қатысу болатын", - деп баса айтты ҚР МСМ басшысы.
Министрдің айтуынша, бүгін республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтеді. Онда паралимпиадашыларға олимпиадашылардың сыйақыларымен тең сыйақы тағайындау туралы шешім ұсынылады.
"Астанада 26 тамызда Рио Олимпиадасының жүлдегерлерімен салтанатты кездесу барысында Президент Паралимпиада қатысушыларының сыйақы қорын Олимпиада қатысушыларының деңгейімен теңестіруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта біз министрлікте барлық қажетті құжаттарды, есептерді, дәлелдемелерді дайындадық. Бүгін республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтеді, сонда бұл құжаттарды растаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алтын медаль үшін сыйақы қоры 84 млн теңгені құрайтынын нақты айтып, сендіре аламын", - деді А.Мұхамедиұлы.
Ол Қазақстанда параспорт бойынша тиісті көңіл бөлінбегенін мойындады, алайда қазір, министрдің пікірінще, жағдай оңалып келеді.
"Риодағы жетістікке аяқ астынан жеткен жоқпыз. Бұл жаттықтырушылар мен Ұлттық паралимпиада комитетінің еңбегі", - деді ведомство басышысы.
Айта кетейік, кеше ғана мәжілісмен Азат Перуашев Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін сыйақының көлемін теңестіруді ұсынған болатын. "Бүкіл әлемде мүмкіндіге шектеулі жандардың спорттағы жетістіктері қарапайыv cпортшылардың жетістігіне қарағанда жоғары бағаланады. Себебі мүмкіндігі шектеулі спортшылар қарсыласын басып озудан бұрын өзінің сырқатын жеңу үшін біраз қиындықтардан өтуі тиіс. Қазіргі спортта спортшыларды ынталандыру үшін қомақты қаржы салу керек. Бұл мәселеде Қазақстан көшбасшылардың бірі болып саналады. Біздің елімізде олимпиада ойындарында медальға ие болған спортшыларға берілетін ресми сыйақы көлемі - 250 мың доллар белгіленген. Ал мүмкіндігі шектеулі спортшылардың олимпиада ойындарында жеткен жоғары жетістіктері үшін 50 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Яғни, ол дені сау спортшыларға берілетін сыйақыдан бес есеге аз болып тұр. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыз Қазақстанның атынан халықаралық жарыстарға қатысып, батылдығы мен ерлігін көрсете отырып, шынын айтқанда олардың еңбегі өздерінің Отанында бағаланбай қалады", - деп сауал тастаған еді Перуашев ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа.
Еске салайық, 2016 жылы Риодағы Паралимпиада ойындарында 11 спортшы ел намысын қорғаған болатын. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде түсті. Алтын жүлдені суға жүзуден Жамбыл облысының атлеті Зульфия Габидуллина алса, күміс медальді Алматы облысының зілтеміршісі Раушан Қойшыбаева иеленді.
Паралимпиада ойындарында жалпы командалық есепте бірінші орынды 107 алтын, 81 күміс және 57 қола жүлдемен Қытай құрамасы алды. Екінші орында 64 алтын, 39 күміс, 44 қола медальмен Ұлыбритания атлеттері тұрса, үздік үштікке 41 алтын, 37 күміс және 39 қоламен Украина спортшылары кірді.