Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға пәтер беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған қазақстандық спортшыға пәтер беріледі © REUTERS

Қостанай облысында Паралимпиада жеңімпазы Александр Колядинға пәтер сыйлайды, - деп хабарлайды "Наша газета". Бұл туралы 19 наурызда өңір басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жиналысында айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында Паралимпиада жеңімпазы Александр Колядинға пәтер сыйлайды, - деп хабарлайды "Наша газета". Бұл туралы 19 наурызда өңір басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жиналысында айтты. 

Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында бір жарым шақырым спринтте алтын медальді жеңіп алған шаңғышыны бірнеше күннен соң туған жерінде салтанатты түрде күтіп алады. Әкімдіктегілер жергілікті бюджеттің арқасында 2015 жылы Александрдың тірсегіне протез салып берген. Ол соның арқасында спортпен айналысуды белсенді түрде дамытқан. Мұндай протез 1,9 миллион теңге тұрады. Биыл осы протезді алмастыруға да қаражат қарастырылған. 

Сондай-ақ 2017 жылы спортшы Кирилл Остапенкоға да көмек көрсетілген. 

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядиннің басқаларға позитивті мысал бола алатынын айтады. Мүгедектерге спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын құруға мүмкіндік жасау керектігін айтады. 

2018 жылы 14 наурызда Александр Колядин қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихында тұңғыш рет алтын медальді жеңіп алды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети