Сурет paralympic.kz сайтынан
Сочиде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындары бел ортасына жетті. Әзірше Қазақстан паралимпиадашылары жүлделі орындарға іліге алар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін Қайрат Канафиннің биатлоннан көзінен зақымданғандар арасындағы спринтте (7,5 шақырым) 17-орынға табан тірегенін жазғанбыз. Одан кейін жарыс жолына шаңғышы Александр Колядин шықты. Шаңғымен 20 шақырымдық қашықтыққа түрегеп жарысудан бақ сынаған А.Колядин 13-орынға ие болды. Негізі, бұл бәйгеге 20 спортшы қатысқан болатын. Олардың 18-і мәре сызығын қиып, Қытайдың бес спортшысының екеуі көмбеге жеткен жоқ. Ал алтын медаль ресейлік Рушан Миннегуловқа бұйырды. Күміс жүлдені финн Илка Туомисто, ал қоланы тағы бір ресейлік Владислав Лекомцев еншіледі. Енді Қазақстан паралимпиадашылары жарыс жолына ертең шығады. Шаңғы жарысынан спринт бәйгесінде төрт бірдей спортшымыз бақ сынайды.
Сочиде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындары бел ортасына жетті. Әзірше Қазақстан паралимпиадашылары жүлделі орындарға іліге алар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін Қайрат Канафиннің биатлоннан көзінен зақымданғандар арасындағы спринтте (7,5 шақырым) 17-орынға табан тірегенін жазғанбыз. Одан кейін жарыс жолына шаңғышы Александр Колядин шықты.
Шаңғымен 20 шақырымдық қашықтыққа түрегеп жарысудан бақ сынаған А.Колядин 13-орынға ие болды. Негізі, бұл бәйгеге 20 спортшы қатысқан болатын. Олардың 18-і мәре сызығын қиып, Қытайдың бес спортшысының екеуі көмбеге жеткен жоқ.
Ал алтын медаль ресейлік Рушан Миннегуловқа бұйырды. Күміс жүлдені финн Илка Туомисто, ал қоланы тағы бір ресейлік Владислав Лекомцев еншіледі.
Енді Қазақстан паралимпиадашылары жарыс жолына ертең шығады. Шаңғы жарысынан спринт бәйгесінде төрт бірдей спортшымыз бақ сынайды.